2024 жылдың 29 мамырында қазақстандық зауыттың қабырғасында құрастырылған H125 үлгісіндегі тікұшақты әуе тасымалы мен әуе қызметтеріне маманданған ірі жеке авиакомпания DALA AIR тапсырыс берушісіне кезекті табыстауы жүзеге асырылды. Жаңа H125 тікұшағы да DALA AIR авиациялық қызметтерін дамытудың стратегиялық жоспарының бір бөлігі болады.
Естеріңізге сала кетейік, бұл тікұшақты сатып алудың ерекшелігі - ол Қазақстан Республикасы Өнеркәсіпті дамыту қорының қаржылық қолдауының арқасында жүзеге асқаны.