«Еурокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС – 2011 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Франция экс-Президенті Николя Сорказидің бастамасы бойынша құрылған бірлескен мекеме. Қазақстан Республикасындағы тікұшақтар жинау жобасы тепе-теңдік негізінде жүзеге асырылады: «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ 50% және «Airbus Helicopters» 50%.
Жоба мақсаты болып заманауи жоғары технологиялық тікұшақ экожүйелерін қалыптастыру болып табылады: жинастыру өндірісі, операциялық тікұшақтар паркі, техникалық қызмет көрсету және Қазақстандағы сервис. Бүгінгі таңда «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС бірлескен мекемесі осы аймақта тікұшақтар сатумен, Н125, Н130, ЕС145, H145 тікұшақтарын жинау және оларға техникалық қызмет көрсетумен, сонымен қатар ТМД және Орта Азияда орыс және ағылшын тілдерінде техниктер мен ұшқыштарды оқытумен айналысады.
Тікұшақтардың ұшу жарамдылығын қолдау, олдары жөндеу және техникалық сүйемелдеу бойынша білікті қызметтер көрсету үшін зауыттың сервистік орталығы құрылған. Сервистік орталық қызмет көрсетудің жоғарғы деңгейін, сертификатталған және білікті персоналдарды, жоғары технологиялық жабдықтауларды, мекеме қоймасында тапсырыс берушілерге арналған қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандардың қолжетімділігін ұсынады.